Шымкентте 458 442 адам референдумда дауыс берді

5 Маусым 2022, 21:17
1698
Бөлісу:
Шымкентте 458 442 адам референдумда дауыс берді

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте сағат 20:00-дегі жағдай бойынша барлығы 458 442 адам дауыс берді.

Бұл қала халқының дауыс беру құқығына ие тұрғындарының 72,5%-ы болып отыр. Мұны Шымкент қалалық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Көбекұлы Құнанбаев хабарлады. 

Шымкентте Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс беру құқығына ие 632 072 адам бар екен. Бүгін, 5 маусым - жалпыхалықтық референдум күні 311 референдум учаскесі жұмыс істеді, - деді ол.

Референдум учаскелерінің барлығы таңғы сағат 7:00-де ашылып, сағат 20:00-де жабылды. 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов №231 референдум учаскесіне барып дауыс берді.

Ол жергілікті биліктің міндеті - халықтың референдум кезінде дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау болғанын айтты. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтаррдың үйіне барып, дауыс беру өткізді. Инватаксилер ерекше жандарды референдум учаскелеріне тасымалдады. Сондай-ақ, бүгін қаладағы барлық бағыттан қатынайтын қоғамдық көліктер тегін жүрді, яғни жолаушыларды тегін тасымалдады.  Бірнеше елден халықаралық байқаушылар келіп, референдумды бақылады, - деді Қайырбек  Құнанбаев.

Өзгелердің жаңалығы