Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26 шілдеден бастап республика көлемінде "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.Осы бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Шымкент қаласы бойынша экология департаментімен бірлесе “Бадам” және “Тоғыс” су қоймасына бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.
Айта өтейік, “Таза Қазақстан” жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Жалпы өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде, барлығы 405 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.