Шымкентте 269 адамға «қандас» мәртебесі берілді

Шымкентте 269 адамға «қандас» мәртебесі берілді
530

Шымкентте жыл басынан бері 269 адам «қандас» мәртебесін алды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 адамға артық, , деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінң ресми сайтына сілтеме жасап.

Алыс-жақын шетелдерден көшіп келген тұрғындар «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығында 6 ай бойы мемлекеттік тілді үйреніп, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көмектер алады. Осындай бейімдеу қызметтері қазір 50 шақты мүшесі бар 18 отбасыға көрсетілуде, - делінген хабарламада.

Қоныс аударғандардың басым бөлігі – ТМД елдерінен. Өзбекстан Республикасынан – 260, Ресейден – 5, Қырғызстаннан – 1 және Қытайдан – 3 адам көшіп келген.

Айта кетейік, қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы Шымкент қаласы, Абай даңғылы 3Г мекенжайында орналасқан. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы