Шымкентте 250 адам қатысқан той тоқтатылды

22 Маусым 2021, 03:13
2152
Бөлісу:
Шымкентте 250 адам қатысқан той тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды, деп хабарлады aikyn.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта «HAYAT» мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал мейрамхана қызметкерлері мен даяшылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген.

Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Өзгелердің жаңалығы