Шымкентте 12 адамды сарышаян шақты

5 Сәуір 2023, 22:49
1447
Бөлісу:
Шымкентте 12 адамды сарышаян шақты
Фото: egemen.kz

Шымкентте 3 айдың ішінде 12 адамды сарышаян шақты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккендер арасында егде жастағы азамат та бар. Ол ауруханаға жатқызылып, мамандардың бақылауында болды. Ал басқа тұрғындар алғашқы медициналық көмектен соң өздерін жақсы сезінген.

Дәрігерлердің айтуынша, күн ысығанда улы жәндіктерден қауіп көп. Сондықтан ашық алаңдар мен табиғат ортасында ұдайы дезинфекциялық жұмыстар жүргізіп, адам өміріне төнген қауіпті сейілту маңызды дейді. Өйткені былтыр 258 адам амбулаториялық көмекке жүгінген. Оның 75-і стационарлық ем қабылдап, үйлеріне шығарылыпты.

Бір науқас стационарлық ем қабылдау үшін осында жатқызылды. Бүгінгі таңда ол кісінің жағдайы жақсарып, жазылып үйіне шығарылды. Сарышаян шағуы мезгіліне байланысты. Қазір енді күн ысығанда, мамыр айынан бастап тамыз айының аяғына дейін сарышаян шаққан науқастар көп болады, - дейді гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.

Өзгелердің жаңалығы