Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар берген азамат ұсталды

6 Қазан 2022, 15:38
2519
Бөлісу:
Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар  берген азамат ұсталды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қылмыстық ниетті іске асыру үшін 3 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 1,1 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 380 миллион теңгеден астам салық түспеген.

Қылмыстық іс сотта қаралуда.

Өзгелердің жаңалығы