Шымкентте 100 адамнан аса адам шақырылған той тоқтатылды

1 Тамыз 2021, 15:07
2609
Бөлісу:
Шымкентте 100 адамнан аса адам шақырылған той тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер 100 адамнан асатын тойды тоқтатты. 

Рейд барысында Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уәлиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. 

Бұл туралы Шымкент қаласының полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған тойхана эпидахуалға (қызыл аймақ) қарамай, 100 адамнан асатын «үйлену тойын» өткізгені белгілі болды.

Сонымен қатар мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды, - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы