Шымкентте 1 маусымда «Металлургтер» стадионы ашылады

15 Мамыр 2023, 04:18
1096
Бөлісу:
Шымкентте 1 маусымда «Металлургтер» стадионы ашылады
Фото: otyrar.kz

Шымкентте жартығасырлық тарихы бар «Металлургтер» стадионы қолданысқа беріледі. Осыдан 6 жыл бұрын қирандыға айналудың алдында тұрған алаң қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда жастар тек футболмен ғана емес, спорттың 10 түрімен айналыса алады. Стадион 1500 адамға шақталған. Онда спорт залдары, әкімшілік ғимарат пен спортшылар үйі қарастырылған. Қала әкімі енді мектеп лигасы тек осы «Металлургтер» стадионында өтетінін айтты.

Әрістестермен кеңесіп жатырмыз. Бұған дейін тек футбол ойнайтын еді. Енді баскетбол да, волейбол да, шахмат та ойнай алады. Бұл біздің қаланың кәсіпқой спорт түрлерін дамытатын болады, - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Өзгелердің жаңалығы