Шымкентте 1 аптада 3670 қылмыс тіркелді

27 Қыркүйек 2022, 07:40
604
Бөлісу:
Шымкентте 1 аптада 3670 қылмыс тіркелді

Шымкентте 1 апта ішінде «102» байланыс номеріне 8063 әр түрлі сипаттағы қоңырау түсті. Соның ішінде 3670-і полиция департаментіне тіркеуге алынды. Бұл туралы BAQ.KZ otyrar.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеріс барысында бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды. Атап айтар болсақ, 12 ұрлық, 1 автокөлікті заңсыз айдап кету, 4 ұсақ түйекті жымқыру фактілері анықталды.

Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1199 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы