Шымкентке 5G желісінің 147 станциясы орнатылады

15 Маусым 2023, 12:14
702
Бөлісу:
Шымкентке 5G желісінің 147 станциясы орнатылады
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әйтеновтың мәлімдеуінше, қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында, биыл жылы 20 елді мекенге оптикалық және 28 елді мекенге базалық станция орнатылады.

Былтыр қалаға жоғарғы жылдамдықты 5G интернет желісі бар 10 станция орнатылса, биыл 147 станция орнатылатын болады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, соңғы 5 жылда 3 177 бейне бақылау камералары орнатылып, қылмыс саны 39 пайызға төмендеген. Биылғы жылы 1500 бейне бақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз, – деді әкім ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы