Шымкент жүрек орталығы Назарбаев университетінің меншігіне өтеді

17 Шілде 2023, 00:45
961
Бөлісу:
Шымкент жүрек орталығы Назарбаев университетінің меншігіне өтеді
Фото: ашық дереккөз

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Шымкент жүрек орталығы «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Шымкент жүрек орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 пайызы Шымкент қаласының коммуналдық меншiгінен «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде берілсін, - деп жазылған қаулы жобасында.

Бұл туралы алғаш Денсаулық сақтау министрлігінің University Medical Center корпоративтік қорын дамыту жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жол картасынан белгілі болған еді. Жол картасына сәйкес, Шымкент қаласының жүрек орталығына оңтүстік өңірдің қан айналымы жүйесі аурулары бойынша көрсеткіштерді жақсарту міндеті жүктелмек. Атап айтқанда, 2023 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген:

қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық (100 мың тұрғынға шаққанда) – 2402;

олардан болатын өлім (100 мың тұрғынға шаққанда) – 125.

Үкімет қаулысының жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 28 шілдеге дейін.

Өзгелердің жаңалығы