Шымкент тұрғыны цитрусты жемістер мен банан өсіреді

5 Қаңтар 2019, 13:37
2806
Бөлісу:
Шымкент тұрғыны цитрусты жемістер мен банан өсіреді

Астана, baq.kz. Үшінші мегаполис тұрғыны цитрусты және тропикалық жемістерді өсірумен айналысып келеді. Бұл туралы Elitar.kz сайты жазды.

Бағбан Аслан Бектұрғанов туысымен бірге бұл істі алғашында хобби ретінде бастаған екен. Жылыжай салып, лимонның «Мейер» деген сортын егіп көрген бағбан алғашқы өнімді бес жыл күтіпті.

«Лимонға қатты ылғал ауа керек. Минус температураға шыдамайды, 1 градус жылылықтан 50 градус ыстыққа дейін тұра береді. Бұны төбеден жаңбырлату тәсілі арқылы суғарамыз, астынан тампышалату әдісін қолданамыз. Биыл осы талдан 220 дана лимон алдық», - деді Аслан Бектұрғанов.

Бағбан бұл кәсіпке қызыққандар үшін лимон көшетін сатып, тіпті оны күтуде өз кеңесімен де бөлісіп келеді. Көшет бағасы көлеміне қарай 2500 теңгеден басталып, дайын ағаштары 50-70 мың теңгеге дейін барады. Жас бағбан енді осы кәсіпті кеңейтуді жоспарлап олтыр.

Асланның бағынан тек лимон емес, цитрусты жемістердің өзге де түрлерін кездестіруге болады. Мәселен, апельсин мен мандарин, грейпфрут, тіпті банан да бар. Бірақ бұл жемістерден әлі өнім ала қоймапты.

Аслан сирек кездесетін декоративті гүлдер мен балықтың «Карп Кои» атты жапониялық түрін де асырайды екен.

Өзгелердің жаңалығы