Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

4 Ақпан 2022, 16:35
1719
Бөлісу:
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тағайындалды.

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

 

 

Өзгелердің жаңалығы