Шымкент қалалық №1 емханасы жаңа жүйемен жұмысын бастады

28 Қараша 2023, 12:00
446
Бөлісу:
Шымкент қалалық №1 емханасы жаңа жүйемен жұмысын бастады
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Халықтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің назарындағы басты мәселе, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл саланы дамытуда қызмет атқарып жатқан орталықтар аз емес. Енді назардан тыс қалған отбасы болмайды. Себебі емханаларға енгізіліп жатқан «Үздік тәжірибелер орталығының» мамандары әр отбасы мүшелерінің тек денсаулық мәселесін ғана емес, жан-жақты көмек көрсетуді қолға алмақ.

«Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының ұйытқы болуымен «Үздік тәжірибелер орталығы» Биыл аталған орталық Шымкенттегі бірқатар емханаларда ашылып, жұмысын бастап та кетті. Қалалық №1 емхана базасында ашылған жаңа жоба аясында халық пен медицина мамандарының арасындағы байланыс күшейіп, дәрігерлер емдеу жұмыстарынан бөлек пациенттердің әлеуметтік жағдайлары бойынша көмек көрсетпек. 

Бұл әлемнің дамыған елдерінде тәжірибе жүзінде енгізіліп, озық нәтиже көрсеткен. Салтанатты жиынға «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков және медицина саласының өкілдері қатысты.

Шымкент қалалық №1 емханасы жаңа жүйемен жұмысын бастады

«Үздік тәжірибелер орталығының» ашылуы бұл медициналық көмектің қол жетімділігін арттырып, халықтың медициналық сауаттылық деңгейін жоғарылатады. Науқасты емдеу және аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, ең бастысы халық денсаулығын қорғау саласындағы жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, арыз-шағымдар ағынын төмендету, оларға талдау жасау, сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды жүргізеді. Дәрігерлер мен пациенттер арасындағы алтын көпір болуға арналған жаңа жобада аймақтардан әлеуметтік қызметкерлерді де жұмысқа тартады. Жобаның тиімділігі – пациенттер медициналық қызметтің сапасын бақылайды, өз тарапынан медициналық ұйымның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын бере алады, – деді Төлебай Рахыпбеков.

Жаңа жоба медицина сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді. Мемлекеттің басты құндылығы адам мен оның денсаулығы екенін ескерсек, атқарылып жатқан іс-шаралар осы заң талабынан туып отыр. Емханаға жаңа жүйені енгізуге дайындық қыркүйек айынан басталған болатын.

Айта кетейік, дайындық барысында емхананың 208 қызметкері, оның ішінде, 72 дәрігер, 146 орта буынды қызметкер, 7 психолог және әлеуметтік қызметкер біліктіліктерін арттырған.

Өзгелердің жаңалығы