Шымкент прокуратурасы 6 кәсіпорыннан 816 қызметкердің жалақысын өндіріп берді

18 Наурыз 2019, 19:50
2306
Бөлісу:
Шымкент прокуратурасы 6 кәсіпорыннан 816 қызметкердің жалақысын өндіріп берді

Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бастап Шымкент қаласының прокуратурасы 6 кәсіпорында 816 қызметкердің 117 млн теңгеге жуық қалыптасқан жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етілді, деп мәлімдейді Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-і 66 млн теңгеге 365 қызметкердің жалақы қарызын төледі.

Бұдан бөлек, «Саудаинвест» ЖШС-нің басшысына қатысты жұмысшылардың жалақысын басқа мақсаттарға жұмсауына байланысты, толық және уақытылы төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 152-бабының 3-бөлігі), ол 12 наурыздан бастап әл-Фараби аудандық полиция басқармасының өндірісінде.

Банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлармен анықталған «Нарде» ЖШС-нің бірқатар мүлкі аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылып, алынған түсім 37 жұмыскердің алдындағы 4,6 млн теңге жалақы қарызын өтеуге жұмсалды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қадағалау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы