Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент перзентханасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Шымкент қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта болған қайғылы оқиғаның құрбандарына шын жүректен көңіл айтамын. Дәл қазіргі уақытта жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр. Зардап шеккендерді қаланың медициналық ұйымдарында стационарлық жағдайда емдеу үшін барлық шаралар қабылдануда. Бұдан басқа, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылуда, - деп жазды Ажар Ғиният Фейсбуктегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасын уақытша өңірлендіру туралы тиісті бұйрық дайындалып, өңір әкімінің орынбасары бастаған облыстық клиникалық ауруханада жұмыс штабы құрылды. Оқиға орнына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы барды.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі перинаталдық орталықтың жанындағы дәрі сақтайтын екі қабатты ғимаратта жарылыс болды.
Перзентхана ғимараты мен тұрғын үйге зақым келіп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Шымкенттегі жарылыстан үш адамның қайтыс болғаны хабарланды. Оның біреуі нәресте.