Шымкент мұнай өңдеу зауыты қалыпты технологиялық жұмыс режиміне 13 шілдеде көшеді

5 Шілде 2023, 03:09
809
Бөлісу:
Шымкент мұнай өңдеу зауыты қалыпты технологиялық жұмыс режиміне 13 шілдеде көшеді
Фото: baq.kz

Бүгінгі таңда зауыттағы жанар-жағармай қорының көлемі: бензин 22 000 тонна.

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПҚОП» ЖШС) болып, жанар-жағармай материалдарын өндіру және жөнелту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде «ПҚОП» ЖШС тәулігіне 3500-5000 тонна автобензин, 2 500 тонна дизель отынын, 1 000 тонна авиаотын, 600 тоннаға дейін сұйытылған газ жөнелтіп жатыр. Мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы мен мұнайды терең өңдеу кешені тәулігіне 10 500 тонна жүктемесімен жұмыс істеп тұр.

Бүгінгі таңда зауыттағы жанар-жағармай қорының көлемі: бензин 22 000 тонна, дизель отыны 30 800 тонна, авиакеросин 5 800 тонна, мазут– 11 600 тонна.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты мамандарының айтуынша, катализаторды іске қосу және жылу алмастырғышты жөндеу жұмыстары 11 шілдеде аяқталады. Ал, зауыт қалыпты технологиялық жұмыс режиміне 13 шілдеде шыға бастайды.

Өзгелердің жаңалығы