Шымкент мектептеріне 22 млн теңге айыппұл салынды

15 Қыркүйек 2022, 05:42
3917
Бөлісу:
Шымкент мектептеріне 22 млн теңге айыппұл салынды

Шымкентте қарапайым санитарлық нормаларды сақтамаған мектептерге 22 млн теңге айыппұл салынды деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қалалық ДСЭК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен 2021-2022 оқу жылында санитарлық эпидемиологтар 91 мектепке арнайы және 54 жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде мекемелерге жалпы сомасы 22 млн 242 998 теңгені құрайтын 139 айыппұл салынды.

Белгілі болғандай, мектептерде қарапайым санитарлық нормалар сақталмаған, үй-жайлар дезинфекциялық құралдармен тазартылмаған, қол жуғыштар істен шыққан, мектеп асханаларының жағдайы сын көтермеген және т.б.

Жалпы білім беру нысандары күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға алынған. Тамыз айында білім бөлімі, директорлар мен мектеп ұжымының қатысуымен семинар өткізілді. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды қабылдау ұсынылады, – деп хабарлады Шымкент қалалық ДСЭК баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы