Ұшақтағы бала өлімі. Қайғылы оқиғаға байланысты жаңа дерек шықты

12 Шілде 2021, 21:08
5603
Бөлісу:
Ұшақтағы бала өлімі. Қайғылы оқиғаға байланысты жаңа дерек шықты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Air Astana әуекомпаниясы 9 шілдеде Шымкент-Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшақ бортында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат жариялады.

9 шілдеде сағат 10.00-де Шымкенттен Алматыға KC 972 рейсін орындайтын Air Astana әуе компаниясының ұшағы ұшып шықты. Ұшақ бортында бизнес-класта 9 жасар бала мен анасы болды. Аталмыш бағыттағы рейстің ұшу ұзақтығы бір сағат.

Air Astana компаниясы баланың ауыр жағдайы мен оның диагнозы туралы алдын ала хабардар болмағанын атап өтті. Баланың анасы тек қону кезінде кресло мен көмек сұраған. 

Ұшу кезінде кенеттен бала өзін жайсыз сезініп, бозарып кетті. Бортсеріктер көмек көрсету рәсімдеріне сәйкес бортта дәрігерлердің бар-жоқтығын білу үшін хабарландыру жасаған. Алайда бортта медицина қызметкерлері болған жоқ. Содан кейін, ережеле сәйкес, бортсеріктер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Балаға оттегі берілді. Ұшақтың қнар кезде баланың жағдайы одан әрі нашарлағаннан кейін дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді, - делінген ресми хабарламада. 

Ұшақ командирі ішкі істер органдарына хабарлап, төтенше жағдай жариялады.

Оның өтініші бойынша қону үшін басымдық берілді, бортты жедел жәрдем дәрігерлері қарсы алды. Өкінішке қарай, барлық қолдан келген көмекке қарамастан, бала қайтыс болды.

Кейінірек баланың қатерлі ісік ауруы болғандығы белгілі болды, - деп толықтырды авиакомпания өкілдері. 

Оқиға фактісі бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізетін болады.

Жолаушыларға әуекомпанияның барлық экипажы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге оқытылғанын хабарлаймыз. Әр ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер бар. Алғашқы медициналық көмек жинағының құрамы қатаң реттелген. Сондай-ақ белгілі бір дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ол үшін экипаж бортта дәрігерлердің бар-жоғы туралы хабарландыру жасайды. Сондай-ақ жолаушылар әуекомпанияны ұшуға қарсы көрсеткіштер және жолаушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ауыр аурулар мен жағдайлар туралы хабардар етуге міндетті, - деді Air Astana компаниясы. 

Естеріңізге сала кетейік, 9 жасар бала Шымкент-Алматы бағытындағы ұшақта көз жұмған болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы