Шымкент әкімі жолақыны қымбаттата ма

29 Ақпан 2024, 12:40
494
Бөлісу:
Шымкент әкімі жолақыны қымбаттата ма
Фото: BAQ.KZ -архив

Шымкентте қоғамдық көліктерде жол ақысы көтерілмейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Дастан Асқарұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда қоғамдық көлікте жол жүру тарифін көтеру маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Жол жүру құнын арттыру тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету кезінде ғана мүмкін, - деді ол.

Дастан Асқарұлы азаматтардың кейбір санаттары үшін, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдіктер беру мәселесін ескеру қажет екенін атап өтті.

Осы жағдайды жан-жақты зерделеп, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихаттың алдағы наурыз сессиясының күн тәртібіне жол жүру құнын ұлғайту туралы мәселені шығармауға шешім қабылдады, - дейді баспасөз хатшысы.

Астанада қоғамдық көлікпен жүру құнын 110 теңгеге өсіру мәселесі қаралып жатқанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы