Шымкент әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

16 Қыркүйек 2021, 18:29
10866
Бөлісу:
Шымкент әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады.

Шымкент әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін қызмет ететінін айтқан қала әкімі Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап, мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталған. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын.

Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Шымкент әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. 

Шымкент әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Өзгелердің жаңалығы