Шымкент 2023 жылы интернетпен толық қамтылады

26 Қазан 2021, 16:37
8655
Бөлісу:
Шымкент 2023 жылы интернетпен толық қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахмановтың 9 айда атқарған есебін тыңдады. 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қалада базалық стансалар орнату жұмысы 2020 жылы үш кезең негізінде қолға алынған. Алғашқы кезеңде қалада 11 нүктеге станса орнатылып, мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 82%-ды құрады.

Осы жылы интернетпен қамтудың ІІ-кезеңінде 14 нүктеге базалық стансасын орнату жұмысы жүруде. Оның 8-і инвестор есебінен, 6 нүкте байланыс операторлары жеке нысан иелерімен бірлесе атқаруда. 

Қазір 8 жерге (Тассай, Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ,Солтүстік-Батыс, Аэропорт маңы, А-2 трассасы, Р-32 трассасы Құрсай №49 мектеп маңы) антенна-мачталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін желіге қосылады.  

Қалған 6 нүктеде (Абдулабад,Забадам,Асар,Самал-3, Нұртас, Құрсай - Жылысай көшесі маңы) базалық стансалар орнатылып, іске қосылған. Қала аумағындағы 14 базалық станса толық желіге қосылса, 136 071 отбасы сапалы интернетпен қамтылады. Жыл соңына дейін желімен қамту көрсеткішін 91%-ға жеткізу жоспарланып отыр.  

Қалада базалық стансаны көбейту үшін басқарма Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе интернеттің сапасына талдау жасаған. Талданған 110 нүктенің 22-сіне интернет сапасы төмен екені анықталған. 

Әзірленген Жол картасы шеңберінде сапасы төмен аумақтарға 2022-2023 жылдары базалық стансасын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жүзеге асырылса,  қала аумағы 100% сапалы интернетпен қамтылады. 


Өзгелердің жаңалығы