Шымбұлаққа барар жолда қар барысы жүр

5 Наурыз 2022, 04:33
1228
Бөлісу:
Шымбұлаққа барар жолда қар барысы жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туристер Шымбұлақ шатқалында қар барысын видеоға түсіріп алды.

Әлеуметтік желіде түнде Шымбұлақтан түсіп келе жатқан жолда түсірілген видео пайда болды. Видеода мысық тұқымдас жыртқыш жыраға өрмелеп бара жатқаны көрінеді. Туристер қар барысын байқағанын айтқан.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Шымбұлақ шатқалында түсірілген видеоға шынымен де, қар барысы түсірілгенін растады.

"Барыстың бұл аймақта жүруі тұяқты жануарлардың (елік, сібір ешкі және т.б.) қоныс аударуымен тікелей байланысты болуы мүмкін. Туристердің жыртқышты видеоға түсіруі сирек кездесетін оқиға және сәтті түсірілім", - деді комитет өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы