Шығыста құтқарушылар чемпионаты аяқталды

26 Ақпан 2022, 22:05
1755
Бөлісу:
Шығыста құтқарушылар чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өңірлерден 19 команда келген. Өрт сөндіру-құқтару спортының өкілдері үш күн бойы тартысты жарыс өткізді. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4-қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түсті.

Жарыстың сәні әйелдер командалары болды. Әсіресе, Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан Қостанай қаласынан келген Айнұр Бажеваның көрсеткіші талайды таңқалдырды. Алдымен Айнұр кедергілермен жүз метрді 17,36 секундта жүгіріп өтті. Содан кейін 17,21 және шешуші сәтте межені 16,97 секундта бағындырды, – дейді ТЖД өкілдері.

Ерлер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі: 1 орын - Атырау облысы, 2 орын – Нұр-Сұлтан қаласы, 3 орын - Маңғыстау облысы.

Әйелдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі: 1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы, 2 орын - Түркістан облысы, 3 орын - Ақмола облысы.

Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыстардың нәтижесі: 1 орын - Шығыс Қазақстан облысы, 2 орын - Ақтөбе облысы, 3 орын – Батыс Қазақстан облысы.

Өзгелердің жаңалығы