Шығысқазақстандық азамат заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді

23 Ақпан 2024, 05:50
372
Бөлісу:
Шығысқазақстандық азамат заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді
Фото: архив

Оның көлігінен полиция қызметкерлері еліктің ұшасын және тіркелмеген мылтықты тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

1-29 ақпан аралығында өңір аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқаны белгілі.

Осыған байланысты тас жолдарда браконьерлік фактілері мен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауға және тасымалдауға рұқсаттардың бар-жоғын анықтау үшін көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.

Осындай тексерулердің бірінде Катонқарағай ауданының полиция қызметкерлері ВАЗ 2121 маркалы автокөліктің жүксалғышынан еліктің ұшасын және тіркелмеген мылтықты тапты. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді облыстық полиция департаментінде.

«Браконьер» ЖПІШ басталғаннан бері өңірде 180-нен астам құқықбұзушылық анықталғанын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы