Шығыс Қазақстанға жаңа әкім келді

16 Маусым 2023, 10:31
2343
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанға жаңа әкім келді
Фото: Ақорда

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, - делінген Президент жарлығында.

Informburo.kz мәліметінше, ШҚО мәслихат депутаттарына дауыс беру үшін екі кандидатура ұсынылды: Ермек Көшербаев және Дархан Сапанов (ШҚО әкімінің орынбасары). Депутаттар Көшербаевтың кандидатурасын қолдады. Жаңа әкімді тағайындау үшін өңірге ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов барды.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Үйленген, 2 баласы бар.

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады.

1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

1998 жылы қаңтар-мамыр айларында Алматы қаласының №170 орта мектебінің тарих пәні ұстазы.

1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.

1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.

1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі. 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары.

2000-2001 жж. - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.

2001-2003 жж. - аппарат басшысы, бірінші вице-президент кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы

2003-2004 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры. 2004 жылдың мамыр-шілде айлары «Отан» Республикалық политикалық партиясының, орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары.

2004-2005 жж. жылдары «ҚазМұнайГаз ҰК» президентінің аппарат басшысы.

2005-2006 жж. - «Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің, атқарушы директорының бірінші орынбасары.

2006-2007 жж. - «Отан Республикалық политикалық партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.

2007 жылдың ақпан-маусым айлары «Беркут» қаржы өнеркәсіп тобының директоры.

2007-2008 жж. - «KazEnergy Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық ұйымдарқауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.

2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2014-2016 жж. – Ауылшаруашылық министрлігінің вице-министрі.

2016-2018 жж. - Ауылшаруашылық министрлігінің жауапты хатшысы.

2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2020 ж. 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі I-сыныпты кеңесші.

Өзгелердің жаңалығы