Шығыс Қазақстанда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

Жол қозғалысын 31 қазан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.

 30 Қазан 2026, 21:19
30 Қазан 2026, 21:19
162

Шығыс Қазақстанда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 қазан сағат 21:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, – делінген хабарламада. 

Шектеу жолдың 7-166 шақырым аралығында, яғни Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қатысты қолданылады.

Жол қозғалысын 31 қазан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.

Наверх