Шығыс Қазақстанда тұмауға қарсы екпе науқаны басталды

16 Қыркүйек 2024, 23:35
403
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда тұмауға қарсы екпе науқаны басталды
Фото: архив

Шығысқазақстандықтардың қараша айының соңына дейін тұмауға қарсы тегін екпе алуына болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, тұмауға қарсы маусымдық екпе облыста 15 қыркүйекте басталып, қарашаның соңында аяқталады.

Қауіп тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін жергілікті бюджет қаражатына 75 мың доза көлемінде тұмауға қарсы ресейлік үш валентті «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды, - деп хабарлады ведомство өкілі.

Келесі санаттар вакцинаны тегін ала алады:

медицина қызметкерлері;

медициналық ұйымда динамикалық бақылаудан өтетін балалар;

алты айдан асқан жиі ауыратын балалар;

балалар үйінің тәрбиеленушілері;

медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметін алушылар;

эпидемиологиялық себептер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдар.

Өзге тұрғындар екпені ақылы түрде ала алады.

Өзгелердің жаңалығы