Шығыс Қазақстанда сілеусін бір үйдің 15 қойын қырып кетті

22 Қаңтар 2024, 01:26
998
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда сілеусін бір үйдің 15 қойын қырып кетті
Фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстандағы Самар ауданында бір үйдің қорасынан 15 бас қой өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл тұрғынының қорасына жыртқыш аң кіріп, сондағы қойлардың 15 басын өлтіріп, 10 басын жаралаған.

Оқиға орнына бірден аудан әкімі Нұрлан Махамбетов пен ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері барып, мән-жайды анақтады.

Белгісіз жыртқыш қораға есіктің түбін қазып кірген. Сілеусін (рысь) шығар деп отырмыз. Себебі, қасқыр болса қойларды жарып кетер еді, ал бұл жыртқыш тек қанын ішіп кеткен. Жаралы 10 қой да бауыздалды. Барлығы ауылдың мал өлексесін көмуге арналған орынға көміледі. Себебі жыртқыштың сілекейінде түрлі қауіпті аурулар болуы ықтимал. Қазіргі кезде ауылдық округ әкімдігі келтірілген шығынды есептеуде, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.

Ит-құстың малға шабуыл жасау оқиғаларының алдын алу үшін жергілікті аңшыларға және орман шаруашылығының инспекторына жыртқыштарды бақылауға алуға қатысты арнайы тапсырма берілді.

Өзгелердің жаңалығы