Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін түсіру бойынша кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
15 наурызда "Өскемен-Горная Үлбі-Северное" автожолында қар көшкінінің профилактикалық түсуі жүргізілді. Түскен қардың жалпы көлемі 750 текше метрді құрады. Көшкін көлбеу жерде тоқтады, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Белгілі болғандай, зардап шеккендер мен қиратулар жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Күршімде су шайған жолдар қалпына келтірілгені туралы жазған болатынбыз.