Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

5 Наурыз 2022, 18:17
1251
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 9 наурызға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5-9 наурыз аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, ауа температурасының күрт жылынуына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы