Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

15 Қаңтар 2023, 11:32
1420
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының аумағында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарды 14-16 қаңтар аралығында абай болуға шақырды.

Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы