Шығыс Қазақстанда көлік апатынан 5 адам көз жұмды
23 Мамыр, 13:15 478

Шығыс Қазақстанда көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мамыр күні таңертең Алматы- Өскемен тас жолының 959 шақырымы, Жарма ауданында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлады Алтайньюс.

Алматы облысынан Жарма ауданының Қалбатау ауылына қарай бет алған Nissan автомобилінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, трактор тіркемесінің артқы бөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, бір жолаушы дереу ауруханаға жеткізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 


Фото: дереккөз
Загрузка...