Шығыс Қазақстанда дала өртімен күрес жалғасып жатыр

6 Қыркүйек 2022, 09:47
782
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда дала өртімен күрес жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ірі дала өртімен күрес жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтай ауданындағы «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығында шөп пен бұта өртенуде. Қазіргі уақытта қызыл жалынның жалпы ауданы 400 гектарға жетті. Барлау жасау үшін «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің АН-2 ұшағы іске қосылған.

Оқиға орнында 300-ге жуық адам және 24 техника тілсіз жаумен күресіп жатыр. Өртті сөндіруге суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден 2 рет жалпы көлемі 6 тоннадай су төгілді. Департаменттің жедел штабы сол жерде тәулік бойы жұмыс істеуде, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, ШҚО-да дала өрті 2 қыркүйек күні  шыққан.

Өзгелердің жаңалығы