Шығыс Қазақстанда бал өңдеу зауыты салынады

10 Ақпан 2024, 05:38
482
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда бал өңдеу зауыты салынады
Фото: baq.kz

Елімізде «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен алыс-жақын шетелдерге экспортталатын балдың 70%-ы Шығыста өндіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал жалпы Шығыс Қазақстан облысы ара шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша еліміздегі жетекші өңірлердің бірі

Алдағы уақытта облыста бал өңдеу зауытын салу жоспарланған.

Қазір біз балды жай ғана сатып жатырмыз. Оны өңдеумен ешкім айналыспайды. Бұл мәселені тереңірек зерделеп, ара шаруашылығы өнімдерін өңдейтін фабрика ашуды қарастыруымыз керек, – деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев әкімдікте өткен жиында.

Аймақ басшысы облыстың кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармалары басшыларына, сондай-ақ аудан әкімдеріне осы мәселені жан-жақты зерделеп, бал өңдеу зауытын салу бойынша нақты жоспар әзірлеуді және бұл жобаға инвестор тарту жолдарын қарастыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы