Шығыс Қазақстанның полицейлері қаруларын күрекке алмастырды

6 Ақпан 2021, 16:42
1480
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның полицейлері қаруларын күрекке алмастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшылары қарт адамдардың ауласын қардан тазартуға көмектесті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы екі күнде облыс аумағына қар қалың түсті. 

Полиция департаментінің арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасының қызметкерлері аулалары қар құрсауында қалған қарттарға көмек қолын созуды ұйғарған.  

Шығыс Қазақстанның полицейлері қаруларын күрекке алмастырды

Қарт адамдарға қыста қар тазалау қиын. Көбісі жер үйде жалғыз тұрады. Сондай жанның бірінің ауласын қардан тазартып бердік. Әжейдің жасы келген, ал жұбайы мүгедек. Ауласындағы қар көптен тазаланбаған. Біздің қызметкерлер оны толықтай қардан тазалап шықты. Бұл үрдісті дәстүрге айналдырсақ деген ниетіміз бар, - деді басқарма басшысының орынбасары Серік Қалиев.

Үй иесі Наталья Борисовна қызметкерлерге зор алғысын білдірді. 

Тәртіп сақшыларына көптен көп рақмет. Олар болмағанда, есік алдына шығып, қақпаға жетудің өзі мұң болар еді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы