Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріліп жатыр

13 Қазан 2020, 14:47
1332
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларға пәтер беріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға баспана беріліп жатыр, деп хабарлады Алтайньюс.

Барлығы 36 отбасыға пәтер кілті табысталады деп жоспарланған. Шілде айында 10 көпбалалы жанұяға екі бөлмелі баспана берілді. Ал қалған 26 отбасы қараша айының басында қоныс тойын тойлауы тиіс.

Бесқарағай ауданының тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі 24 қыркүйек күні екі бөлмелі 13 пәтерді сатып алу бойынша конкурс жариялаған. Байқау рәсімдері 24 қазан күні аяқталады. Содан кейін ғана пәтер кілттері тиісті адамдардың қолына тиеді.


Өзгелердің жаңалығы