Шығын 10 млн теңгеден асады. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар ізделіп жатыр

17 Мамыр 2022, 10:03
1654
Бөлісу:
Шығын 10 млн теңгеден асады. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар ізделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Абдилов айтты. 

Қаржылық мониторинг агенттігі адал бизнес контрафактілік өнімдерден жалған ақша жасаудан және танымал брендтерді заңсыз пайдаланудан қорғау бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қаржылық мониторингі Жамбыл облысы бойынша департаментінде қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деді ол. 

Абдилов атағандай, Қазақстанға Қырғызстаннан бет алған көлікті тексеру кезінде заңсыз тауарлар табылған. 

 Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған көлікті тексеру кезінде «Рuma», «Adidas», «Philip Pleein», «Reebok», «Nike», «Jordan», «New Balance», «Fila», «Belanciago» сияқты әртүрлі маркадағы 1000-нан астам спорттық киімдер табылды. Тауардың жоғары аталған брендтерге қатыстылығын анықтау және залалды бағалау  үшін «Рuma» корпорациясының өкілі «IP Choice» ЖШС тартылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, анықталған тауарға келтірілген шығынның жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады. Аталған басқа бренд өкілдерінен бүгінгі күнге дейін басқа еш шағым түскен жоқ. Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында бірқатар жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Әлібек Абдилов. 

Өзгелердің жаңалығы