Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау басталды

21 Маусым 2024, 03:38
501
Бөлісу:
Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау басталды
Фото: baq.kz

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханға қатысу үшін 20 маусым – 10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарына өтініш бере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы емтихандардың өзі 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді.Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Емтихандардың өзі 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады. Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн болады.Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер грант конкурсына қатысу үшін тек бір мамандық пен бір жоғары оқу орнын таңдай алады. Ал ақылы негізде түсу үшін басқа ЖОО-да тапсырған емтихан нәтижесін қолдануға болады.

Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы балдарын алып) шығармашылық дайындықты талап ететін бір білім беру тобын таңдай алады.

Өзгелердің жаңалығы