Шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін электрондық ваучер қалай беріледі?

19 Мамыр 2021, 14:52
1321
Бөлісу:
Шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін электрондық ваучер қалай беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы ҚР ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру оператордың, яғни жергілікті атқарушы органның тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады, - деді Дәуешов.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші операторға цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бекітілген қағидалардағы нысан бойынша өтініш береді.

Өтініш беру оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тараптардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін оператордың жария офертасына өнім берушінің акцептімен сүйемелденеді. Оператор ақпараттық жүйе арқылы баланың заңды өкіліне шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін электрондық ваучер бере отырып, бос орындарды балалар арасында олардың кезектілігіне сәйкес бөледі, - деді Дәуешов.

Оның айтуынша, шығармашылық үйірмеге қабылдануға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке тұруға электрондық өтініш береді.

Оператор шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегін электронды түрде ақпараттық жүйеде жүргізеді. Кезек өнім берушінің әрбір шығармашылық үйірмесіне жеке қалыптастырылады және балалардың заңды өкілдері берген өтініштерден тұрады. Кезектегі жайғасым балалардың кезектен шығуы себебінен кему жағына және өнім беруші ваучерлерін жойған балалардың кезекке оралуы себебінен өсу жағына қарай жылжиды. Сонымен бірге кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді. Орындарды бөлу және ваучерлерді беру күн сайын ақпараттық жүйемен автоматты түрде жүзеге асырылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы