Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "QAZFORUM 2020: Қазақ интернетіндегі онлайн контент жасаушылардың IV форумы" өтіп жатыр. Іс-шараның бірінші сессиясы "Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?" деген тақырыпқа арналды. Қатысушылар "Интернет пен жаһандық цифрландыру ғасырында жаңа медиа дәстүрлі БАҚ-ты алмастырды ма?" деген сұраққа жауап іздеп көрді.
Қазақ баспасөзін алатын болсақ, бізде көп әңгіме бар. Екі әніміздің бірі "мен қазақпын". Қазақ екеніңе күмәнданасың ба? Бір тоқтайтын заман болды ғой. Екінші әңгіме, біздің баспасөздегі ішкі үдерістеріндегі жағдаят. Маған қазақ баспасөзінің иісі қалмаған болып көрінеді. Газеттер бір-біріне ұқсап, сайттар бір-бірінен айнымай кетті, - деді белгілі қазақстандық саясаттанушылар Айдос Сарым.
Форумда спикер ретінде сөз сөйлеген "Айқын" газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев газетке деген сұраныс төмендеп жатқанын айтты.
Мұндай үрдісті Ұлыбританиядан байқауға болады. Мәліметтерді зерттеп көргенде олардағы таблоидтардың таралымы 40-тан 10 пайызға құлаған. Сондықтан бұл әлемде болып жатқан тренд. Мысалы біз технологиясы дамыған деп білетін Жапонияда күніне екі рет шығатын газеттер бар және олардың таралымы 1 миллионға жетеді. Сондықтан технология газетті өлтіреді деп айту дұрыс емес, - деді бас редактор.Осыған қоса Nege.kz веб-сайтының бас редакторы Ерік Рахымның еліміздегі кей сайттардың кемшілігіне тоқталып, пікір білдірді.
Қазір сайттар дәстүрлі газеттер жасаған қателікті қайталап жатыр. мысалы "Шыңғысхан қазақ па, жоқ әлде моңғол ма?" деген тақырыпты қозғайды. Мәселен осы бізге керек пе? Ол қазақ болсын, моңғол болсын одан қазақ қоғамындағы мәселе шешіле ме? Біз неге қазақ тілінде экономикалық, саяси сараптама, талдау бермейміз. Тек сол кезде сіздің сайтыңыз оқылады, - деді Ерік Рахым.Биылғы "Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту және өзгеру уақыты" тақырыбына арналып, қазақ тілді БАҚ дамуының жаңа тенденцияларын талқылауды қамтыды.