Шығысқазақстандық бүлдіршіндер робототехниканы меңгеруде

9 Тамыз 2019, 21:57
1672
Бөлісу:
 Шығысқазақстандық бүлдіршіндер робототехниканы меңгеруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында балабақша тәрбиеленушілері робототехниканы меңгеріп жатыр. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.

Осы мақсатпен жергілікті бюджеттен 4 млн теңге бөлінген. Қаржы инновациялық кабинет ашу мен нысанды жөндеуге жұмсалған. Сонымен қатар тиісті құрал-жабдықтар сатып алынды. «Журавушка» балабақшасындағы алғашқы оқу жылы конструктор жинаудан басталды.

Бүлдіршіндер түрлі-түсті гаммамен танысып, сызбамен жұмыс істеуді үйренді. Тәрбиешілер балақайлардың жаңа үйірмеге деген қызығушылықтары зор екендігін айтады. Бұл – мектепке дейін робототехника үйірмесін енгізген облыстағы әзірге жалғыз балабақша. 

«Шағын моториканы, логикалық ойлау қабілетін, фантазияны дамыту. Белгілі бір ортада тез тіл табысуды үйрету. Біздің балаларға мұның барлығы ұнап жатыр. Тәрбиешілердің барлығы биыл конструкциялау бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен», - дейді балабақша директорының міндетін атқарушы  Ольга Ильина.

Өзгелердің жаңалығы