Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында балабақша тәрбиеленушілері робототехниканы меңгеріп жатыр. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
Оқи отырыңыз:
Бүлдіршіндер түрлі-түсті гаммамен танысып, сызбамен жұмыс істеуді үйренді. Тәрбиешілер балақайлардың жаңа үйірмеге деген қызығушылықтары зор екендігін айтады. Бұл – мектепке дейін робототехника үйірмесін енгізген облыстағы әзірге жалғыз балабақша.
«Шағын моториканы, логикалық ойлау қабілетін, фантазияны дамыту. Белгілі бір ортада тез тіл табысуды үйрету. Біздің балаларға мұның барлығы ұнап жатыр. Тәрбиешілердің барлығы биыл конструкциялау бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен», - дейді балабақша директорының міндетін атқарушы Ольга Ильина.