Шығыс Қазақстандағы жазасын өтеушілер туыстарына арнап бетперде тігуде

21 Наурыз 2020, 17:19
2029
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандағы жазасын өтеушілер туыстарына арнап бетперде тігуде

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан түрмелеріндегі "Еңбек-Өскемен" РМК нысандарында жұмыс істейтін жазасын өтеушілер туған-туыстарына ерекше жолмен көмек көрсетуді қолға алды.

ШҚО бойынша ҚАЖД төтенше қауіпсіздіктегі ОВ-156/20 колониясында жазасын өтеп жатқан Александр коронавирус эпидемиясы жүріп жатқан кезеңде темір тордың ар жағында отырғанына қарамастан туған-туыстарына ерекше әдіспен көмек көрсетуді ойлады.

Мен "Еңбек-Өскемен" РМК-ның тігін цехында жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта бірнеше мәрте қолданатын қорғаушы маска тігу үстіндемін. Осылайша туғандарыма көмек көрсетпекшімін. Колония әкімшілігі мені қажетті материалдардың барлығымен жабдықтап берді. Бұл маскалар тұмау мен суық тиюден де қорғайды. Қордың болғаны дұрыс. Ал маска тігу арқылы алған жалақымды туыстарыма жолдаймын, өйткені олардың өздеріне бірінші кезекте қажетті заттарды сатын алғанын қалаймын, - деді қамалушы

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің колонияларындағы жазасын өтеушілер бір реттік және бірнеше мәрте қолдануға болатын қорғаушы маскаларды тігуді бастаған болатын. Қазіргі уақытта осындай жұмыстар Шығыс Қазақстандағы алты колонияда ұйымдастырылып, жазасын өтеушілер бірнеше мәрте қолдануға келетін маскалар тігу үстінде.

 


Өзгелердің жаңалығы