Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы республикалық автокөлік жолдарының кейбір аумақтарын су басуы мүмкін. Бүгінге дейін ең қауіпті деген 12 орын анықталды, деп жазды Хабар 24.
Жалпы өңірде тасқынға қарсы шаралар күн сайын қарқынды жүргізілуде. Мәселен облыстық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бірнеше күн қатарынан өлкені тікұшақпен аралап шықты. Ондағы мақсат қардың еруін байқап, өзен-көлдердегі су деңгейін барлау. Өскемен-Алтай-Қайнарлы, Өскемен-Риддер және Өскемен-Шемонайха бағытандағы тас жолдың кейбір бөліктерін еріген қар суы басуы мүмкін. Өйткені жол шетіндегі қар қалыңдығы биыл 2-3 метрге дейін жетті. Жауапты мердігер компанияларға қарды уақытында тазалу жөнінде 90-ға жуық ескерту жасалған. Бірақ кейбір мекемелер селт етпеген. Салдарына белгілер мен су өткізетін құбырлардың көбі қар астында қалды. Жалпы қара жол бойында 155 көпір болса, бүгінге дейін 42-сі ғана толық ашылған. Ал соңғы бір аптада шығыста күн райы күрт жылынды.
Су тасқынына қарсы шаралардың қалай жүргізіліп жатқанын көру үшін 30 ға жуық рет жолға шықтық. Су басу қаупі бар жолдағы әрбір аумақты назарға алып, мниторинг жасап отырмыз. Жолдың тазалығына жауапты мердігер мекемелерге апта сайын ескерут жасап келеміз. Қазір су өткізетін құбырлар мен жолдың екі жағы кеңейтіліп жатыр, - деді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РММ облыстық филиалы директоры Ержан Аязбаев.
Төтенше жағдайлар қызметі өлкені тікұшақпен аралауды жиілетті. Осыған дейін. Өскемен-Риддер-Қатонқарағай-Алтай бағытында ұшса, соңынан Шемонайха,Глубкое аудандарын барлады. Өзендердегі мұз еріп жатыр. Қар да жұқарып келеді.Жер тоңының жұмсақтығы, сынап бағанасының күндіз көтеріліп,түнде төмендеуі қолайлы болып тұр дейді құтқарушылар. Мәселен тек бір апта бұрын Шемонайха ауданында қар қалыңдығы 120 см болса, ендігі оның жартысынан астамы еріп, жерге сіңіп кеткен.
Әзірге өлкедегі 4 өңірде қар қабатының қалыңдығы 70см-ден асады. Олар Шемонайха, Көкпекті, Глубокое, және Алтай аудандары. Ал жер тоңы 80 см-ге дейін қатқан. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда біршама аз көрсеткіш, - дейді ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Аймақ қазір күшейтілген дайындық деңгейіне көшті.Жалпы тасқын орын ала қалған жағдайда құтқару шараларына 3800 адам мен 2 мыңнан астам техника жұмылдырылмақ.