Шығыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы антидене бар қан банкі құрылады

20 Тамыз 2020, 18:25
1441
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы антидене бар қан банкі құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 19 қыркүйекке дейін коронавирустан сауығып шыққан әрі антиденесі бар адамдардың қан плазмасынан жинақталған банк ашылады. Бұл туралы altaynews.kz сайты жазды. 

Даниал Ахметов банкте кем дегенде 1000 доза болуы керектігін атап өтті.

Біз қазан айындағы коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз қажет. Қазірден бастап плазма банкін құру үшін тиісті жұмыстарды атқару керек. Шығыс Қазақстанда 4 409 адам коронавирустық инфекциямен ауырып, жазылды. Ол адамдардың қан плазмасы арқылы өзге жандардың аурудан сауығып кетуіне көмек бере аламыз, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, плазма банкін құруға жедел түрде кірісу керек. Бүгінгі күні медициналық мекемелердегі бас дәрігерлер мен әкімдердің басты міндеті - өңір тұрғындарына қан плазмасын тапсырудың маңызын түсіндіру.


Өзгелердің жаңалығы