Маман тапшылығы. ШҚО-да 200 дәрігер орны бос

6 Қаңтар 2020, 20:51
2487
Бөлісу:
Маман тапшылығы. ШҚО-да 200 дәрігер орны бос

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер жетіспей жатыр, деп хабарлады Алтайньюс.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде, аймақ көлемінде 200, оның ішінде облыс орталығында 85 маманның орны бос тұрғаны анықталды, - делінген таратылған ақпаратта.

Денсаулық сақтау департаментінің деректеріне сәйкес, терапевт, педиатр, анестезиолог, гинеколог және психиатр сынды мамандардың тапшылығы байқалады.

Кадр тапшылығы облыстық Ана мен бала орталығы, облыстық мамандандырылған медициналық орталық, облыстық психикалық денсаулық орталығы және №4 қалалық ауруханада байқалады.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті жас мамандарды жұмысқа тартуға қатысты іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылатынын мәлімдеді. 

Өзгелердің жаңалығы