Шығыс Қазақстанда бүркітшілер сайысы өтуде

7 Ақпан 2020, 22:59
2904
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда бүркітшілер сайысы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты республикалық бүркітшілер сайысы басталды, деп жазды altaynews.kz.

Сайысқа 13 облыс пен екі қаладан елуге жуық құсбегі қатысуда. Шараның шымылдығын аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров ашты.

Бүркітшілер байқауының ең кіші қатысушысы 11 жаста.

60bb20d1-144a-4421-8547-692bbdad53c6.jpg


 

Ерасыл Серікбекұлы құс баптап жүргеніне екі-үш жыл болғанын айтады.

Қолына "Шипок" атты қаршығасын қондырған жас құсбегі Нұрсұлтан қаласының намысын қорғап келген. Ол жарыс жолына ертең шығады.

Ерасылдың әкесі Серікбек Күнтуған да қатысып жатыр бұл сайысқа.

Өзгелердің жаңалығы