Шығыс Қазақстанда 500-ден астам қасқырды атуға рұқсат берілді

15 Қаңтар 2020, 14:31
2207
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 500-ден астам қасқырды атуға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шығыс Қазақстан облысында қанша қасқыр атуға болатындығы белгілі болды, деп хабарлады Алтайньюс.

Бұл жөнінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.
Республика бойынша 4 824, ШҚО-да 510 қасқыр атуға болады. Алайда аңшылар ең бірінші Комитеттің порталы арқылы өтініш беріп, рұқсат алуы тиіс. Әрбір аңшы электронды портал арқылы онлайн өтінім бере алады. Интернет қолжетімді болмаған жағдайда кез келген ХҚКО-ға жүгінуге болады, - деп жазды Комитет Facebook-тегі ресми парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы