Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы сөз болды

8 Шілде 2020, 19:56
1753
Бөлісу:
Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастығы сөз болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Швейцарияның Сыртқы істер Мемлекеттік хатшысы Кристина Марти Лангпен телефон арқылы сөйлесу өтті.

Сұхбат барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Швейцарияның беделді халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ, COVID-19 және оның салдарымен күрес бойынша күш-жігерді үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.

Сөйлесу Швейцария тарапының бастамасы бойынша өтті.

Швейцария - Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі, Қазақстан экономикасына көлемі жағынан үшінші инвестор және сауда серіктестеріміздің алғашқы ондығына кіреді.

Өзгелердің жаңалығы